Бүгін ақпарат саласы қызметкерлерінің атаулы күні. Қоғамдағы ең маңызды, халықққа ең жақын әрі ең таныс сала масс-медиа. Әрине, ақпарат айдынының болашағы жас мамандарда. Аймағымызда журналистиканың өрісін кеңейтсем деп, сала жұмысына қадам басқан өскелең буын өкілдері аз емес.

Әсия Серікованың «Павлодарньюс» ақпарат агентігінде еңбек ете бастағанына бір жылға жуық уақыт болды. Жасы 20 ға енді жеткен жас маманның журналистиканың барлық қырын игеріп, биігіне жетсем деген мақсаты бар.

Журналист сан қырлы. Білім телегей теңіз. Қаламы қай тақырыпты да аша білетін жазарман. Десе де әр журналисттің жанына жақын, жүрегіне жылы тиер тақырыбы бар.

Ақпарат саалсына қадам басқанына бір жыл болса да, Әсия әріптестерінің ортасында сыйлы. Біліктілігін таныта білген болашақ майталман маман.

Әсия бір жылдан бері журналистиканың ішкі қыр-сырымен таныса отырып, болашағын осы саламен байланыстыруға бел буған.

Жанасыл Серікбол