24-30 маусым аралығы репродуктивті денсаулық апталығы деп жарияланған. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы. Толығырақ – алдағы сюжетте.

Адамның иммундық тапшылық вирусы – ағзаны түрлі жұқпалы ауруға сезімтал ететін дерт. Облыста бұл инфекцияны жұқтырған адамдар саны артып келеді. Қазір 2 698 адам АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталықтың диспансерлік есебінде. Оның ішінде жасөспірімдер мен балалар да бар.

ЕРЖАН ЖҮНІСБЕКОВ, ДӘРІГЕР-ИНФЕКЦИОНИСТ

 «Ағымдағы жылдың 5 айында бұл вирусты жұқтырған 106 науқас тіркелді. Олардың ішінде 18 жасқа толмаған бір жасөспірім бар. Ал былтыр 2023 жылы дүниеге келген баладан адамның иммундық тапшылық вирусы анықталды. Ауру анадан балаға берілген. Қазір облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықта 18 жасқа дейінгі 20 бала емделуде

Адамның иммунтапшылық вирусының бірнеше таралу жолы бар. Олар – қан арқылы, анадан балаға және жыныстық қатынас кезінде берілу.

Маманның айтуынша, тері мен шырышты қабаттың бұзылуы байқалатын кез келген ұйымда стерильді құралдардың болуы аса маңызды. Бұған тұрғындар жиі баратын маникюр, педикюр, пирсинг, тату салу салондары да жатады. Сол себепті, дәрігерлер ұсынған алдын алу шараларын сақтап, денсаулығыңызға мұқият болыңыз!

Жұлдыз Қабылденова