Ақсуда биылдан бастап «Халық-тұмары» қосымшасы бойынша тұрғындардан 1000-нан астам шағым түскен. Оның басым көпшілігі қаланы абатттандыруға және қауіпсіздікке байланысты. Шағымдардың тең жартысынан көбі шешімін тапты. Жарты жылда бұл қосымша қандай нәтиже берді? Тілшіміз біліп келді.

Дәрия Ертай – Ақсу қаласының тұрғыны. Ол қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайды. Сол себепті ол өзінің азаматтық парызына ұқыппен қарайды. Жарты жыл ішінде қаланы абаттандыруға және қауіпсіздік мәселесі бойынша 40-тан астам шағым түсірген. Белсенділігі үшін ол марапатқа ие болды.

ДӘРИЯ ЕРТАЙ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен үшін бұл қосымша өте нәтижелі деп ойлаймын. Қолданылуы да оңай. Мен көбіне көшелердегі қауіпсіздік, қаланы абаттандыру бойынша шағымдарымды жолдап отырдым. Оның басым көпшілігі сол сәтте орындалып, қалпына келтірілді. Сондықтан жылдам әрекет еткен құзырлы органдарға алғыс айтамын.

  «Халық-тұмары» қосымшасы бойынша тұрғындардан 1000-нан астам арыз шағым түскен. Арыздардың көпшілігі аулалардағы қираған ойын алаңы, сапасыз жол, қырық жамау тротуар және ауланы сырахана айналдыратындар маскүнемдер жайында болған. Бұндай шағымдарға полиция қызметкерлері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жылдам әрекет еткен.

Жиын барысында құзырлы орган өкілдері жарты жылдықты қорытындылады. Осы уақыт ішінде түскен шағымдардың барлығы өз шешімін тапқан.

Өзгеріс Қуанар