Екінші лига командалары арасындағы Футболдан Қазақстан чемпионатының 10-шы турында павлодарлық «Ертіс» жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы ойынын өткізді. Нәтиже қандай? Алдағы материалда.

 «Ертіс» қарсыласы павлодарлықтардан бес ұпайға артта қалып қойған Петропавлдың «Қызыл-Жар-М» командасы болды. «Ертістің» жаңа бапкері Николай Гавриш құрамды түбегейлі өзгерткен жоқ.

 34-минутта Арман Смайылов айып алаңы сызығына жақын жерден дәл соққы жасап, есеп ашты.

 14 минуттан кейін Руслан Есімов тағы да Арман Смайыловтың аяғанына ойтайлы оралған пас шығарды. Екі де нөл.

 Ал 73-минутта қорытынды есепті Тимур Байжанов белгіледі. Енді 2 шілдеде ХІ турда «Ертіс» өз алаңында «Ақсу» командасымен ойнайды.