Екібастұз қаласында сапалы білім беру дамып келеді. Мәселен, бүгін политехникалық колледжде республикалық ERG Скилис конкурысы өтиті. Толығырақ тілші материалында.

Екібастұз политехникалық колледжінде 600-ден астам студент бар. Мұнда техникалық мамандықтар баса мән беріледі. Осы орайда жоғары құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында республикалық байқау өтті. Айта кетейік, «ERG Скилис» байқауында слесарлық, дәнекерлеу, токарлық ісі, өнеркәсіптік автоматика және электромонтаждау бағыттары бар. Екібастұз қаласындағы политехникалық колледжде өткен конкурс дәнекерлеу бағытында өтті. Байқау 2 кезеңнен болды. Оған 4 адам қатысты. Олардың 3-еуі студент, бірі жас маман болып қызмет етеді.

ҚАНАТ ҚОЯНБАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда елімізге сапалы білім баршасына қолжетімді. Мемлекет тарапынан колледждердің бағдарламасы мен құзыреттіліктеріне ерекше назар аударылды. Сандық технологиялық қаншалдықты дамығанымен жұмыскер кәсіптерінің өзектілігі өз мәнін әлі күнге дейін жоғалтпайды. Жастар ортасында жұмыскер кәсіптерін маңызды екенін атап өткім келеді. Байқау кешеден бері өтіп жатыр, бүгін өз мамандықтарының шеберлерін анықтаймыз. Біз үшін талантты балалар бағалы, алайда оларға келешек инженер техникалық қызметкер деңгейіне жету мақсатында білімдерін көрсете білу қажет деп санаймын

Конкурсқа қатысушылар арнайы естелік сыйлықтарға ие болады. Ал үздіктерді Астана қаласында марапаттайды. Айта кетейік, үздік қатысушы Қытай Халық Республикасы базасында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.

Қымбат Садық