Облыс әкімі жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды. Сапар барысында үйлердің қысқа дайындығы, аулаларды аббаттандыру мәселесі және теміржол вокзалының реконструкицялау барысымен танысты. Толығырақ – келесі материалда.

Өңір басшысы Екібастұзда «Самрұқ-Энерго» АҚ сенімгерлік басқаруға алған жылу-электр орталығына барды. Станцияда 3 қазандықта ағымдағы және күрделі жөндеулер жүріп жатыр. Бірінші және үшінші жылу магистралінде реконструкциялау жалғасуда. Гидравликалық сынақтардан соң 33 ақау анықталды. Облыс әкімі барлық жөндеуді аяқтап, үйлерге ыстық су беруді тапсырды.

Одан кейін облыс әкіміне кварталішілік аумақты абаттандыру жоспары да таныстырылды. Асайын Байханов асфальт және алаңдардың сапасын тексерді. Қазір қаладағы 25 аулаға асфальт төселді, тағы 25 аулаға төсеу –жоспарда бар.

АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Асфальттар жақсы төселген. Қиындықтар туындаған жоқ. Сонымен қатар, тұрғындардан балалар ойын алаңдарын орнату туралы өтініштер көп болатын. Биыл 150 ауланың 50-не жаңарту жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қолдауыңыздың арқасында, бұған 915 млн теңге бөлінді. мердігер ұйым Солтүстік Қазақстандық. Ресурстар мен техникалары жеткілікті. Қазірде негімен 30 алаң дайын. 20 алаңда дайындық жүріп жатыр. Бір-бір жарым айда бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелердің бірі – аула ішін жарықтандыру. 279 ауланың 116-сына биыл жарық орнатылады

Одан кейін облыс әкімі теміржол вокзалына барды. 1988 жылы салынған ғимратға күрделі жөндеу соңғы рет 20 жыл бұрын жасалған.

ПАВЕЛ БРАСЛАВСКИЙ, «САПАРЖАЙ ПАВЛОДАР» ЖШС БАСШЫСЫ

Күрделі жөндеу соңғы рет 2004 жылы жүргізілді. Қазір сіздің қолдауыңыз арқылы ғимарат жаңғыртылады. 1 маусымда реконструкция басталды

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Демек, жобаға сәйкес жылу жүйесі, электрмен, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі жаңарталды. Қабырғалар, шатыр, қасбет ауыстырылады. Яғни, инженерлік коммуникациялар ауыстырылады

Екібастұз қаласындағы бірнеше нысандағы жұмыстармен танысқан облыс әкімі қала басшылығы мен мердігер ұйымдарға алған міндеттемелерін сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Жұлдыз Қабылденова