Аймағымызда маусым айының соңғы апталарында ыстық ауа темперетуарсы орнады. Осындай қапырық осыдан 30 жыл бұрын болған дейді синоптиктер. Күннің қатты ысуы тұрғындардың денсаулығына да кері әсерін тигізуде. Бүгінде гипертония мен жүрегі ауыратын жандардың саны артып отыр.

Жедел жәрдем қызметін шақыру 10-15 пайызға артты. Яғни, орталыққа күніне 800 ден аса қоңырау түседі. Дәрігерлер қажет болмаса, ашық, ысып тұрған күнге шықпауға кеңес береді. Күн сағат 11 ден 12 де және кешкі 18.00ға дейін ысиды. Көлеңке жағын ұстанған жөн дейді. Сондай-ақ ауаны жақсы өткізетін жеңіл, ашық реңді киім және бас киім киюді ұмытпаған абзал. Әсіресе кішкентай балаларға қатысты.

АЛМАГҮЛ БЕСЕМБИНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Бүгінгі уақытта біздің облыстық жедел жәрдемге күннің ыстығына байланысты көп шақырулар түсіп жатыр. Ол мысалы жоғары температура болуы мүмкін. 38,5 және 40 дейін. Және де қан қысымы көтеріледі. Мысалы адамның дене тынысы қиындай түседі. Мсыла ол обморочный состояние болып қалады. Сондықат біз оларға 1 категорияға байланысты шақырту бригада жібереміз.

Жоғары температура адам денсаулығына кері әсер етпей қоймайды. Ол, әсіресе, балалар, қарттар мен жүрек-тамыр аурулары бар адамдар үшін қауіпті.

АЛМАГҮЛ БЕСЕМБИНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біріншіден күнге арналған көзілдірік киюге. Екіншіден бас киім киюге. Су арқашан ардайым бірге алып жүру керек. 4 шіден қазір негізінен пляж кезі болып жатыр ғой. Сондықтан спрей алу қажет.

Дәрігер бұл нұсқаулықтарды қатаң сақтауға шақырады. Ауа райы болжамы бойынша келер аптада жауын шашын жауып, ауа температурасы біраз салқындайды.

Әйгерім Тоқпанқызы