Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Екібастұзда 1 ай бойы «Шаңырақ» этноқалашығы жұмыс істеді. Ал, оның жабылу рәсімін біздің арна түсірілімі тамашалап қайтты.

Қайнар кешенінде алты киіз үйден құрылған қазақ шағын ауылы 1 ай бойы балалардың сүйікті орнына айналды. Сондықтан да шараның жабылу сәті салтанатты түрде өтті. Онда жобаға қолдау білдірген бірнеше жандар марапатқа ие болды. «Шаңырақ» этноқалашығы жалпы саны 200 баланы қамтыды. Оған көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары барды.

Этножобаның негізгі мақсаты қазақтың ұлттық дәстүрін, өнерін дәріптеу, қазақи құндылықтарды балалардың бойына сіңіру. Сондықтан ұлттық ойындар дәріптеліп, этноқалашықта түрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Этноауыл қазақ халқының ұмыт қалған салт-дәстүрлерін және тұрмысын жаңғыртты. Балалар өз кезегінде жазғы уақытты тиімді әрі қызықты өткізді.

Қымбат Садық