Аққулыда ауданының 85 жылдығына орай шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды. Оған облысымыздың ақсақалдары қатысты. Үздік шахматшылар сыннан сүрінбей өтіп, тұғырдан көрінді.

Аққулы ауданында шахматтан ардагерлер арасындағы турнир дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биыл жарыс ауданның 85 жылдық мерейтойына орайластырылды.

ДУЛАТ МОЛДАГЕЛДИНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ардагерлеріміз тек аудандық деңгейде ғана қатысып қоймай облыстық, республикалық деңгейде де ауданымыздың намысын қорғап келеді. Болашақ ұрпаққа үлгі боп қана қоймай, жалпы салауатты өмір салтын сақтауға үлес қосып келе жатқан ардагерлер споршыларға алғысымызды білдіреміз.

Жалпы облыстық турнирге өңіріміздің барлық қала мен аудандары қатысуы тиіс еді. Алайда кейбір аудандар жолдың ұзақтығы, ауа райына байланысты келе алмады, дейді ұйымдастырушылар.

ҚАНАТ ӘЛТАЕВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Білесіздер биыл ауданның 85 жылдығы. Көптеген іс шара өтіп жатыр. Оны бірі міне шахмат зейнеткерлер арасында. Ауа райына байланысты көптеген аудандар келем алмады. Баянауыл, Екібастұздан, Шарбақты ауданынан.

Сонымен жарыс швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрды. Әр ойыншыға 10 минуттан уақыт берілді. Турнирге Арман Есенгелдин төрелік етті.

ЕРБОЛАТ ҚОЛДАШЕВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Осы жарысқа негізінен 6 команда келді. Аққулы, Тереңкөл, Екібастұз, Май, Павлодар қаласынан келді. 18 қатысушы келді.

Қатысушылар алыстан ат терлетіп келді. Бәрі де жеңістен дәмелі. Спортшылардың үлкені 85 жас та болса да шахматты әлі де ойнайды екен.

МАҚСҰТ ЕСМИКАНОВ, МАЙ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Екі кісі алып келдім. Біреуі 85 жаста, екіншісі 75 жаста. Ақсақалдар барайық деген соң. Күннің ыстығына қарамастан алып келдік.

БАУЫРЖАН НҰРҒАЗИНОВ, ЕРТІС АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Енді жеңіспен қайтқымыз келеді. Біздің ойыншымыз көп жылдан бері ойнайды. Мықтылар жеңсін деп ойлаймыз.

ЖӘНІБЕК ЖҰМАБАЕВ, АҚҚУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен шахматты кеш бастадым. 47 жаста бастадым. Жас кезде футбол, күрес қатыстым. Кейін жас келгесін шахматқа көштім. Жиі ойнаймын. Мүмкіншілік болса қандай да болса турнирге қатысамын.

Айта кетейік, үздік ойын көрсеткендер алғы шептен көрінді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар, медальдармен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды.

Самал Қалиқызы