Павлодар облысында жатыр мойының обыры ауруы азайып келеді. Бұл өте қауіпті кесел. Қазір осы дертке шалдыққан 40 әйел есепте тұр. Аты жаман аурудан сақтанудың жолы қандай? Дәрігерлер кеселдің алдын алу жолын айтты.

2008 жылдан бастап 30 жасқа толған қыз-келіншектерге жатыр мойының обыры ауруына тексеруден өту міндеттелді. Бұл ауруды ерте бастан анықтап, емдеуге жол ашпақ.

Адам папилломасының вирусы жыныстық жолмен жұғады. Бірақ, мұны емдеу қиын. Ал дәрігерлердің айтуынша, осы дертке қарсы екпе алғандар жатыр мойыны обырынан сақтана алады.

Дәрігерлердің айтуынша, адам папилломасының вирусы ауруы ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуден басталады. Одан бөлек гигеналық ережелерді сақтамай қарым-қатынас жасауда аурудың жұғуына әкеліп соқтырады.

Өзгеріс Қуанар, Анастасия Ерш