Облыс орталығында полиция департаментінің ұйымдастыруымен есірткіге қарсы акция өтті. Жастарға арналған ұйымдар мен оқу орындарының студенттері квесттік ойындарға қатысты. Толығырақ тілшіміз толықтырады.

Бұл сайыс басқарманың арнайы квесттік тапсырмалары арқылы өтуде. Қатысушылардың дені жастар. Олар сайыс барысында есірткінің зияны туралы ақпарат алып, спорттық жаттығулар жасады.

Еріктілер өз арасында мықтыны анықтап, түрлі тапсырмаларға қатысты. Аптап ыстыққа қарамай жүгіріп белсенділік көрсетті.

Байтұрсын Жұмабай