Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты марапаттады. Жалпы 75 адам түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Тақырыпты тілшіміз жалғастырады.

Тасқын су, алапат апат, өрт болған кезде адам жанын құтқаруға жақын тұратын азаматтар - құтқарушылар, төтеншеліктер, өрт сөндірушілер. Осы ретте төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өңірімізде өздеріңіз білетіндей жыл басынан бері апаттар, оқиғалар орын алды. Осы жағдай жағдай атсалыстқан азаматтарға алғыс білдіремін. Сіздер үлгі көрсете білдіңіздер. Шынымен жыл көлеңкелі жағдайлардан басталды. Майқайығңда апаттан 4 адам көз жұмды. Осындай қиын жағдайді бізбен бірге болып, бірге сақтадыңыздар бізбен бірге.

Аймақ басшысы атап өткендей, облысымызда соңғы жылдары апаттық оқиғалар көбейіп кетті. Соның бірі 2022 жылдың соңында орын алды. Кеншілер шаһары Екібастұз қаласы қақаған аязда жылусыз қалды. Сол кезде халықты тоңдырмай, бар күш жігерін салған азаматтардың бірі Анатолий Петрий.

АНАТОЛИЙ ПЕТРИЙ, «ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР» ЖШС ЭЛЕКТРОГАЗДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Мен үшін бұл жай ғана жұмысым. Мен 40 жыл дәнекерлеуші болып қызмет етемін. Маған қиын емес. Дәнекерлеп берем болды. Қаламыздағы кез келген апатта жібереді барамыз. Жұмысымызды істейміз.

Бұдан бөлек, жыл басында Майқайыңдағы шахта апаты кезінде құтқару жұмыстарына төтеншілктер барын салды. Күн демей, түн демей қауіпті болса да қызметтерін абыроймен атқарды.

МАРАТ ОСПАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ҚҰТҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

ондай жағдайға бірінші рет кезіктім. Жалпы елімізде жердің осылай опырылып түсуі бірінші рет болды деп ойлаймын. Алғашқы екі адамды сонда алып шықтық. Одан кейін аталған жұмыстарды жалғастыра алмадық, өйткені аумақ топырағы опырыла бастады.

Марапат алғандар қатарында халықтың бастан кешкен кез келген жағайына бей-жай қарамайтын қарапайым тұрғындар, кәсіпкерлер де бар.

ТОҒЖАН МҰЗАПАРОВ, КӘСІПКЕР

Біз облыс қана емес ел тұрғындарына да көмектестік. Мына көктемдегі су тасқыны кезінде бар күшімізді салдық. Бүгін облыс әкімі қолынан төс белгіге ие болдым. Оны біз марапат үшін жасамаймыз, ол біздің азаматтық борышымыз.

Жалпы облыс әкімінің қолынан 70-тен астам адам түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.

Самал Қалиқызы