Төтенше жағдайлар департаменті базасында суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін сөз еткен жиын өтті. Шараға бірқатар жергілікті атқарушы мекемелердің өкілдері мен еріктілер қатысты.

Қазір суға шомылушылар көп. Демек, жазатайым оқиғалардың да қаупі жоғары. ТЖД ұйытқы болған шараға департаментке бағынысты және аумақтық бөлімшелер, көлік прокуратурасы мен көлік бақылау инспекциясы қатысты. Сонымен қатар, білім беру басқармасы, салық комитеті, полиция депаратменті мен еріктілер де табылды. Бас қосудың беташар сөзін алған ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Шаймерденов су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамыз ету аса маңызды міндет екендігін атап өтті. Жиын барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы бірқатар мәселерді айтылды. Мәселен, су көліктерінің ереже бұзуы, шомылуға тиым салу белгілерінің кейбір жерлерде болмауы сияқты өзекті проблемалар бар. Бас қосуға келгендердің барлығы өз ойларын оратаға салды. Шара соңында, ТЖ Департаменті облыстың Білім беру басқармасымен балаларды бассейндерде суға жүзуге тегін үйрету бойынша меморандумға қол қойды.

Жанасыл Серікбол