Павлодар қаласының орталық жағалауында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда ірі кәсіпорындар қандай мамандар қажет екенін таныстырса, тұрғындар өздері іздеген жұмыс орындарын табуға тырысты.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жыл сайынғы дәстүр. Жұмыс беруші мен іздеуші арасында алтын көпір болу шараның басты мақсаты. Бұл жолы жәрмеңкеге 50 ден астам кәсіпорын өздеріндегі бос жұмыс орындарын таныстырды. Жиыны 1500 ге жуық вакансия ұсынылған.

СҮЙІНДІК БӨТЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ең көп сқраныс жұмысшы мамандықтар бойынша. Барлығына табуға тырыстық. Жұмысшылар жұмыс берушілермен тікелей сұхбат құрып, өздерін таныстыруға мүкіндіктері болды. Жұмыс берушілерде де осындай мүмкіндік пайда болды

Жәрмеңке арқылы екі қолға бір күрек тапқан тұрғындар да бар.

ЖҰМАБАЙ ДӘУЛЕТБАЙ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Осы жағажайда жұмыс таңдау жәрмеңкесі өтті. Осында келе тұра іздеге жұмысымды таптым. Бұл шара жастарға үлкен нұсқау болады деп үміттенемін.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жыл сайын тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді.

Жанасыл Серікбол