Павлодар облысында биыл тағы 15 адам сапалы медициналық көмекпен қамтылады. Бұл нәтижеге жету үшін елдімекендерде су жаңа медициналық нысандар салынып жатыр. Толығырақ келесі сюжетте.

 «Ауылдық денсаулықты сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде 2024 жылы ауылдық елдімекендерде 30 медициналық нысандардың құрылысы жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 30 жобаның 28-і мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

ӘНУАР БҰЙРАШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осы 30 медициналық нысанның ішінде 2 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік пункті, 23 медициналық пункті болады. Жалпы сомасы 4.6 млрд теңгені құрайды. Осылайша Екібастұз ауылдық аймағында 2, Ақтоғай ауданында 2, Ертісте 3, Железин ауданында 1, Май ауданында 2, Аққулы ауданында 6 нысан салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 28 жоба мемлекеттік сараптамадан өтті.

Медициналық нысандар қолданысқа берілсе сапалы медициналық көмекпен 15 мыңнан астам адам қамтылады. 64 адам уақытша және 4 адам тұрақты жұмыс орнына ие болады. Айта кетейік, елдімекендердегі кейбір медициналық пункттер әкімдіктерде, мәдениет үйлерінде жұмыс істеген. Мәселен, Шарбақты ауданы Арбиген ауылында осындай жағдай екен.

ӘНУАР БҰЙРАШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазір олар приспособленный ғимараттарда жұмыс істеп жатыр. Мәдениет, әкімдікте жұмыс істеп жатыр. Құрылыстан кейін, бөлек нысанда жұмыс атқарады.

Облыстың бас дәрігері шалғайдағы елдімекендерде кадр тапшылығы жоқ деп сендірді. Алайда өңіріміз бойынша 167 бейінді маман жетпейді деді.

ӘНУАР БҰЙРАШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Биыл бізде ауылдарға баратын мамандар үшін көтерме сыйақы 8 млн теңгеден асады. Сондай ақ үй беріледі, жеңілдетілген несие ұсынылады. Аудандардың әкімі кадр тарту бойынша максималды түрде көмектесіп келеді.

Айта кетейік, медициналық нысандардың құрылысы биыл басталды және жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Әзірге мердігер ұйымдармен кешігу жағдайлары тіркелмеген.

Самал Қалиқызы