Павлодар қаласында облыстық Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының шәкірттері жаппай төбелесіп, 3 оқушы жарақат алды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Жасөспірімдер арасындағы жанжал екі сынып арасында болған. Полиция департаменті берген ақпаратқа сүйінсек, 2007-2008 жылы туған оқушылар төбелескен. Орын алған жағдайға байланысты тергеу амалдары басталды.

ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Іс жүргізу барысында полиция қызметкерлері мектеп кабинеттерінің бірінде төбелес болғанын. Оның барысында кәмелетке толмаған үш оқушы дене жарақаттарын алғанын анықталды. Оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін олар үйлеріне жіберілді. «Бұзақылық» іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Оқу орнында тексеру жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша білім ошағы қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылады.

Әйгерім Тоқпанқызы