Екібастұз жұртшылығы белгілі қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесті. Келелі әңгімені тыңдауға Екібастұз тұрғындары көптеп келді.

Кездесу шарасының басты тақырыбы жастар тәрбиесі. Ұлт руханияты. Қазақ мәдениетінің май мазмұны. Жазушы бұған дейін де Павлодар облысына бірнеше рет келген. Алайда, кең ауқымда, емен-жарқын халықпен жүздесу сәті осы жолы түсті.

ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА, ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Екібастұздың қасындағы Күншуақ деген ауылдың аналар кеңесін басқарып жүрген Салтанат деген қызым хабарласып ел күтіп отыр деді. Мен негізі қай жерге барсам да ауылдықтармен кездестіріңдер деп айтам. Ауылдықтар рухани дүниеге сусап отыр. Ауылға көп адамдар бара бермейді. Сондықтан, денсаулығым бар кезде ауылдарды аралап қалсам деймін. Атаның аманаты арқалап жүрген адаммын

Мықты мемлекет, қуатты ұлт бол үшін ортақ құндылық қажет. Зейнеп Ахметова жүрген жерінде осы ойын ортаға салады. Әсіресе жастарға. Әрине, ол құндылық ғасырлардан бері келе жатқан қазақ мәдениеті. Қай дәуір болмасын өміршеңдігі арта түсетін, бағасы асқақтай түсетін мәдениеті.

ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА, ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Бабаларымыздан қалған аманат қой ол. Менің ойлап тапқаным емес. Сол қазіргі әрі-сәрі болып жүрген жастардың беті бері қарасы екен. Ұлттық дүниелерге бет бұрса екен деп менің істеп жүрген қызметім сол. Мүмкіндігінше осы дүниелерді сөйлеп жүрмін 0

Шара аясында жиылған жұртшылық еркін ой алмасып, өз пікірлерін де ортаға салды. Көкейлеріндегі сұрақтарын да қойды. Естелік фотоға түсіп, қадірменді қонаққа шынайы алғыстарын да білдірді.

Жанасыл Серікбол