Кемінде үш тілді білу - заман талабы. Ынта-ықыласы бар адам, қандай да болса тілді меңгере алады. Павлодарда үш тілді түпкілікті меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. Толығырақ алдағы материалда.

 «Тіл шебері» байқауы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін түпкілікті меңгерген білімді жастар арасында өткізіліп келеді. Сайыс жас ұрпақты тіл үйренуге, осы арқылы басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетін танып, ғылымын игеруге жол ашуды көздейді. Жылма-жыл қатысушылар қатары артып келе жатқандығы қуантады. Биыл байқауға облысымыздың әр аудан-қаласынан 13 жас полиглоттар келді. Сайыстың мақсаты да Қадыр ақын айтқандай «Өзге тілдің бәрін біліп, өз тіліңді қадірлей» білу.

САЯУЫШ САДУАҚАСОВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл шара осы өңірдегі, қоғамның бет-бейнесіне айналған

Бүгінгі жастарымыздың тілдік тұрғыдан дамуына баса мән беретін үлкен шара. Сондықтан бүгін тек ғана бір саланың мамандары ғана емес, әр салада жұмыс істейтін азаматтар қатысып, өздерінің бақтарын сынауда. Атап айтқанда, Май ауданынан келген үміткеріміз аурухана саласында жұмыс істесе, студенттеріміз де бар

Бүгінде бірнеше тілді жетік меңгеріп, емін-еркін сөйлей алатын жастардың қатары көбейіп келеді. Олар өз қатарластарына үлгі-өнеге болып, көп тіл білудің артықшылығын көрсетуде.

БЕЙБІТ САНСЫЗБАЙ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (УСПЕН АУДАНЫ)

Бүгінгі шараға қатысуымның себебі – мұғалім боп істеген соң өз тәжірибемді арттырып, болашақта балаларға одан да көп өз білімімді беру боп табылады. Бала кезімнен тілдерге деген қабілеттерім жақсы болғандықтан, ержеткен соң мұғалім мамандығын таңдауды жөн көрдім

Қатысушылар түрлі кезеңдерде білімдерін ортаға салды. Айта кетейік, байқауда нағыз тіл шебері атанған жеңімпаз республикаық байқауда өңір намысын қорғайтын болады.

Қымбат Садық