Мәжіліс депутаттары қазақтың жойылу алдында аз -ақ алдында тұрған асыл тұқымды жылқыларын қорғайтын заң қабылдады. Әзірленген құжат басқа да жылқы тұқымдарын мемлекеттік деңгейде қорғап, қамқорлыққа алуды көздейді. Төрт түліктің төресі өсімін молайтуға қандай шара көзделген? Тілші әңгімесінде.

Жылқы баптап, өсіру – қазақтың қанындағы қасиет. Соңғы жылдары жойылу алдында тұрған асыл тұяқты мал басын көбейту мәселесі мәжіліс қаралымында болды. Заңға бастамашы болған депутаттардың бірі Айдарбек Қожаназаров. Ол отырыста– мемлекеттік қолдау арқылы, отандық спортты дамыту, сондай-ақ жылқы тұқымын қалпына келтіру керек екенін айтты.

АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Атап өту керек Қостанай тұқымы 70 жылға созылған ғылыми зерттеудің нәтежесінде шығарылған мамандандырылған спорттық бағыттағы және ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылатын қазақтың шабандоз тұқымы, халықтың ұлттық қазынасы. 1969 жылы елімізде 44 мыңнан астам Қостанай жылқы тұқымы тіркелген болатын. Яғни, барлық асыл тұқымды жылқыларының жалпы санының 10 пайызы. Алайда бүгінде осы жылқының ресми тіркелген жалқы санының 273 бастан аспайды. Ал Адай жылқысының 1300 бас тіркелген.

Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, егер спорттық мақсатта пайдаланылатын отандық жылқы тұқымдарын сақтау мен көбейту бойынша бір құжат қабылдамасақ, бабаларымыздың, ғалымдарымыздың көпжылдық еңбегі далаға кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұл үшін нақты шаралар қолдану керек екенін жеткізді.

АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорт бағытындағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу, асыл тұқымды аналық мас басын жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу. Аталған қолдау тетіктері отандық бағыттары жылқы тұқымдарын дамытуға жағдай жасап, бәйгеге көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге алу, сынды ұлттық ат спорты түрлеріне бұқаралық дамуына ықпал тигізеді деп сенеміз.

Бұған қоса, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңдарға да түзетулер енгізіледі.

Әйгерім Тоқпанқызы