Өңірде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Павлодар ауданында егін себу маусымның 5 не дейін аяқталады деп жоспарлануда. Облыс әкімі Асайын Байханов аталған ауданға барып, шаруалармен жүздесті. Тілші әңгімесінде.

Павлодар ауданының диқаншылары қызу жұмыс үстінде. Биыл алқапты жер көлемі артып, 116 мың гектар жерді құрап отыр. Оның 48 686 сына астық, 40 мың гектар жеріне жем-шөп және көкөніспен майлы дақылдар егілді. 15 мың гектардан астам суармалы жер бар. Оның ішінде 500 гектары тамшылатып суарылады.Аудан әкімі Николай Дычконың айтуынша дала жұмыстары жоспарға сай орындалып келеді.

Бұдан кейін өңір басшысы өлкенің әлеуметтік саласында орындалып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тынысымен танысты. Қазір Черноярка, Новочерноярка ауылдарына тас жол төселуде.

Елдімекендерге жаңа леп әкелген «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы Набережная ауылына да жетті. Мұнда мемлекеттік жоба аясында медициналық пункт жөндеуден өтті.

Сапар соңында облыс әкімі ауданның жұмысына оң баға беріп, жергілікті билік өкілдеріне жұмысты сапалы және уақытында орындауда жүктеді. Бұдан кейін өңірдегі көктемгі дала жұмыстары жөнінде журналистердің сұрағына жауап берді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көктемгі егістік жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жалпы біздің облыс бойынша 1 млн 600 мың гектар жалпы жұмыстар жүргізілуде. Оның 1 млн гектар астым ол дәнді дақылдар одлан басқа көп жылдық шөптер ... барлық жұмыстардың 60 пайызы аяқталды деп айтуға болады.

Өңір бойынша көктемгі дала жұмыстары маусым айының 5 не дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Әйгерім Тоқпанқызы