Өңір басшысы Асайын Байханов кезекті сапарымен Железин және Тереңкөл аудандарында болды. Онда бірнеше нысандардың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Асайын Байханов Тереңкөл ауданындағы мәдениет үйін, шағын футбол алаңы мен білім ордасының ғимаратын аралады. Сонымен қатар, медициналық пункт жұмысымен танысты. Бірнеше шаруа қожалықтарымен кездесті. Ал, бұдан кейін Железин ауданына ат басын бұрды. Онда өңір басшысына егін алқабында дәнді-дақылдардың өсімі таныстырылды.

АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

1 мың тонна тұқым дайындалған, барлығы дәріленген. Тұқым бәрі дайын, ешқандай сұрақ жоқ. Техника барлығында бар, 1170 трактор жұмыс істеп жатыр. Минералды тыңайтқыштар 5000 тоннадан асуымен алынды, ауданда бар, әрбір шаруашылық өзінің шамасынша дайындап жатыр. Көктемгі егіс қаржыландыруы демеу арқылы 27 шаруашылық 784 млнға, кең дала арқылы 13 шаруашылық 400 млнға, агробизнес арқылы 313 млға қаражат алды. Жалпы, шамамен 1,5 млрд. Бүгінгі күні ешқандай қаржыладыру мәселесі туындап отырған жоқ

Биыл Железин ауданының диқандары күнбағыс көлемін, мал азығын да көбейтпек. Бұдан кейін өңір басшысы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясынжа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады.

Қымбат Садық