Биылғы егіс алқабы 1 млн 600 мың гектардан астам екендігі бұған дейін де айтылды. Қазіргі уақытта егіс алдындағы өңдеу жұмыстары 90 пайызға аяқталыпты. Тұқым себу 100 пайызға атқарылған. Көктемгі дала жұмыстары жайлы орталық коммуникациялар қызметі алаңында баяндалды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, соқа жұмыстары аяқталған. Алқапты ылғалдандыру міндеті де толық атқарылыпты. Осылайша 570 мың гектарға дән себілген.

ЕРҒАНАТ ӘУБӘКІР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Оның ішінде дәнді дақылдар 327 мың гектар. Көкеніс бақша дақылдары 25 мың гектар, майлы дақылдар 167 мың гектар, жем-шөп 50 мың гектар. Картоп 57 мың тонна

2024 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды жөнелтудің жоспарланған көлемі 94 100 тонна көлемінде. Осы уақытқа дейін 25 600 тоннаны жөнелту үшін шарттар жасалыпты. Сонымен қатар, ауыл шаруашығы техникасының дайындығы да 100 пайыз деді спикер. 25,7 мың тоннаға арзандатылған дизельді отын да бөлініпті.

ЕРҒАНАТ ӘУБӘКІР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Операторларлық қызметтерді ескере отырып, республика бойынша орташа құны 250 теңгені құрайды. Іріктеу белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі

Мемлекет басшысы тарапынан егістік алқаптарын әртараптандыру міндеті қойылғаны белгілі. Осыған орай биыл облыс майлы дақыл түрлерін көбірек өсіруді қолға алыпты.

ЕРҒАНАТ ӘУБӘКІР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Дәнді дақылдардың көлемін азайтып, майлы дақылдардың көлемін көбейтіп отырмыз. Осы 287 мың гектарды құпа отыр. Бірініш кезектен жоғары ылғалдықыты сақтай алады. Соған байланысты жүргізіп отырмыз

Биыл егіс науқаны сәл кештеу басталды. Оған ауа райы жағдайы себеп болған. Ылғалдылығы жоғары болып, техникалар алқапқа шыға алмаған.

Жанасыл Серікбол