Жастар бастамаларын дамыту орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған шара жұмыс іздеп жүрген немесе қызметін өзгерткісі келетіндер үшін мүмкіндіктер ұсынады.

Екі қолға бір күрек тауып, еңбек етемін деген адамға әрдайым жұмыс табылады. Жылына бірнеше рет ұйымдастырылатын бос орындар жәрмеңкесі арқылы өңірдің мыңдаған жас маманы жұмыс тауып, нәпәқа тауып отыр. Осы жолғы жәрмеңкеге де бұқара көп жиылды. Бәрі де зор үміт арта келген.

ЖАНДАРБЕК ҚАБДРАШ, ЖАСТАР БӨЛІМІН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда бұл көбінесе түлектерге арналған, себебі оқу орындары көптеген түлектер шығуда, сондықтан оларға бос орындар вакансилары бар деуге болады. Одан басқа бізде 16-18 жас аралығындағы жастарға арналған жаз айындағы вакансиялар да берілуде. Бұл Жасыл ел жазғы отряды, кафе, магазиндер, далада попкорн сататын сондай вакансиялар, ай сайын өткізіледі, бір рет, сағат 11-ден-12 ге дейін. Бұл нақты бір уақыт белгіленген

Жәрмеңкеге әр саладан жұмыс іздеп келгендер көп болды. Оның ішінде студенттер, орта жастағы азаматтар да қатысуда. Жұмыс беруші мен іздеуші бетпе-бет кездесіп, ашық алаңда тікелей дидарласты. Отызға жуық мекеме бос жұмыс орындарын ұсынды. Мұндай шараның жастар үшін маңызы зор.

ГАУҺАР ІЛЕЖАНҚЫЗЫ, СТУДЕНТ

Осы жастар орталығының ұйымдастыруымен болған бос орындар вакансияларына келдім. Және мен мұнда нешетүрлі мамандықтарды көріп, таныса алдым. Өзіме керек мағлұматты алдым, мұнда адамдар маған толық түсіндірді. Қандай талаптар, не керектігін айтты

Кезекті бос орындар жәрмеңкесі жұмыс берушілер мен іздеушілер арасындағы алтын көпір болып, ынтымақтастыққа жетелейді. Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелерді тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр. Аталған шара адамдарға жаңа кәсіпке жол тауып, өз әлеуеттерін іске асыруға берілетін мүмкіндік.

Қымбат Садық