Облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбие іргетасы» атты фестиваль бастау алған еді. Оның аясында әр айда ұлттық салт-дәстүрлерге арналған шаралар өтеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін кезекті байқауға шаһарымыздың бірнеше білім беру ошақтары қатысты. Алдағы сюжеттен көрейік.

Әдет-ғұрпымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасу тиіс. Аталған фестивальға өңіріміздегі 40-тан астам білім ордалары екіжақты меморандум аясында қатысады. Әр айдың соңында әр мектеп ұмыт қалған салт-дәстүрді көрсетеді. Оған ата-аналарда қатысады. Осылайша өскелең буынға дәстүрдің мән-мағынасын түсіндіріп, таныстыруға мүмкіндік бар.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Әрбір салт-дәстүр әртүрлі, бір-біріне ұқсас емес. Оған дайындықтары да ерекше. Бұл мектептерде кәдімгі тәрбие жұмысы бар. Және мұнда тек ғана оқушылар, немесе ұстаздар ғана емес, оқушылар, ұстаздар, ата-аналдар бар бірігіп отыр. Сондықтан ойлаймын осы салт-дәстүрлерді өздерінің мектептерінде көрсетеді деген ниеттеміз

Фестиваль барысында мектептер тыңғылықты дайындықпен келген. Салт-дәстүрімізге кеңінен тоқталды. Ақ дастархан ұлттық тағамдарға толы болса, оюлы құрақ-көрпелер, ұлттық киімдер көздің жауын алды.

Ұрпақ тәрбиесіне мән беруге үндейтін мұндай шараларға мектептердің қатысуы маңызды. Өскелең ұрпақтың рухын асқақтатып, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртуда өтетін шараның маңызы зор.

Қымбат Садық, Байтұрсын Жұмабай