Елімізде жол ережесін сақтау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Күнде балалардың қатысуымен әртүрлі жол апаты орын алады. Осы мақсатта жылда облыстық жас инспекторлар слеті ұйымдастырылады. Толығырақ тілші материалынан көресіздер.

Жас инспекторлар слеті Михайл Катаев атындағы Оқушылар сарайынының базасында өтті. Оған облыстың қала, аудан мектептерінен 7-8 сынып оқушылар келді.

Павлодар облысының барлық мектептерінен 13 команда 130-дан астам оқушы қатысты. Олар 7 кезең бойынша слетта бақтарын сынады. Мәселен, «Жас инспектор» кезеңінде оқушылар жол ережесін айтты. Ал, «Жас санитар» кезеңінде қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету икемділіктерін көрсетті. «Жас реттеуші» кезеңінде инспекторлар бағдаршам істен шыққан жағдайда жол жүрушілерді қалай реттейтінін түсіндірді. Бір сапта, бір ырғақпен адымдау үлгісін де ұсынды.

САМАЛ ӘЛІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Слеттің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдер қатысуымен болатын алдын алу жұмыстарын жетілдіру. Облыстық мектептің оқушылары қатысады. Слет жеңімпаздары мен қатысушылары Дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталады.

Одан бөлек, инспекторлар велосипедпен кедергілерден өтті. Айта кетейік, жас инспекторларға жол жүру бағытын күнделікті реттеп жүрген полицейлер баға берді.

Самал Қалиқызы