«Білімім Отаныма» дәл осындай атаумен еліміздің барлық мектептерінде бірыңғай сынып сағатты өтті. Сынып жетекшілері мен ата аналары, оқушылары оқу жылын осылай ерекше форматта аяқтады.

Осымен 2023-2024 оқу жылы қорытындыланды. Жыл бойы оқушылар биік белестерді еңсеріп, жақсы нәтижелер көрсетті. Осыған орай барлық мектептерде ерекше форматтағы ашық сабақтар өтті.

ЕРАСЫЛ НЫҒМЕТОЛЛА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Бүгінгі сынып сағатымыз дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Өте ерекше. Барлық сыныптастарымыз ерекше толғаныста отыр. 9 сыныпты бітіргелі отырмыз. Алда емтихандар басталады. Ашық сабақ тақырыбы да тамаша. Өте мағыналы, салиқалы сұхбаттар өтіп жатыр.

МАРЖАН СҮЙІНДІКОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Биылғы оқу жылы ерекше форматта аяқталып жатыр. Әсіресе сынып сағаты тақырыбы әр оқушыға үлкен ой салатын тақырып. Әр азаматқа үлкен жол салып беретін тақырып деп ойлаймын.

Сынып сағатында оқу жылы қорытындыланып қана қоймай, ұстаздар жазғы демалысқа жоспар құрды. Жоғары сыныптар емтихан тапсырса, төменгі сыныптар үшін жазғы мектеп жұмыс жасайды.

Самал Қалиқызы