Павлодарлық дәрігерлер сирек патологиямен дүниеге келген нәрестінің өмірін сақтап қалды. Шақалаққа дереу күрделі ота жасалған. Операция қаншалықты сәтті өтті? Дәрігермен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Мамандар нәрестеге туа біткен ішек ақауы диагнозын қойған. Ең өкініштісі бұл патология іште жатқанда анықталмаған. Өйткені, УДЗ құрылғысына түскен кезде көрінбеген. Шақалалақтың жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келуі де хирургтардың миссиясын одан әрмен ауырлата түсіпті. Десе де, перинаталдық орталықтың дәрігерлері біліктіліктерін таныта білді.

Дәрігер атап өткендей нәрестенің жағдайы жақсы. Алайда, мұндай мәселе, яғни, нәрестенің туа бітті ақаумен, мерзімінен бұрын дүниеге келу жағдайы кездесіп тұрады. Және ол нәрестелердің өмірін сақтау үшін жасалатын шаралар МӘМС аясында атқарылады.

 НҰРЖАС БАЗАРБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕРІ

Біздің перинаталдық орталықта осы жылдың басынан бастап 1379 нәресте дүниеге келді. Оның 133-і мерзімінне бұрын туылған. 85 балаға емдік көмек көрсетілді

Сонымен қатар, 13 балаға хирургиялық, нейрохирургиялы, офтольмологиялық оталар жасалған.

Жанасыл Серікбол