1-маусым күні «Ертіс променад» сахнасы 8-маусымын ашады. Ұйымдастырушылар ашылу салтанаты аясында қала тұрғындары үшін тосын сый көп деп отыр. Одан бөлек, сахна жаз бойы қандай бағдарлама ұсынады. Алдағы материалымызда.

Сәуір айында Павлодарда тұрғындар арасында «Караоке шоу» байқауы жарияланғаны белгілі. Бүгінгі таңда олардың 12-сі финалдық кезеңге жетіпті. Үздік танылған олар орталық жағажайдағы сахнаның ашылуынада өнер көрсетеді.

СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі уақытта олардың ашылу салтанатында орындайтын музыкалық номерлері таңдалды. Сырты оборздары да таңталды. Қазір олармен режиссерлар тыңғылықты жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, биыл жағажай сахнасында жергілікті өнерпаздар көптеп ән салады. Әкімшілік тарапы республикаға танымал жұлдыздарды шақырмайды. Жергілікті өнерпаздар тұрғындарға әр түрлі жанрдағы концерттер ұсынады. Әр түрлі өнер ұжымдары да қалыс қалмайды. Аудандардың мәденинеті әр сенбі сайын өз өнерлерін көрсетеді. Ал, жергілікті тұрғындардың үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндігі алдағы уақытта жалғаспақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жұлдыздардың шақырылмауы елдегі жағдайға байланысты. Бұдан бөлек, облыс, қала жұртшылығы көбірек өз жерлестерінің үнін тыңдасын деген ойдан туғандығын айтады.

Сахна жаз бойы концертер бөлек, жексенбі сайын қазақ киносының жауһарларын да ұсынады. Әр сәрсенбі күні кешке, сенбі және жексенбі күндері таңертең тұрғындар үшін спорттық жаттығулар ұйымдастырылады. Әр сенбі сайын тақырыптық дискотекалар өтеді. Сахнаның жабылуы қыркүйек айының ортасына жоспарланған.

Жанасыл Серікбол