«Эко-стильді өмір» экологиялық кеші облыстық кітапханада өтті. Бұл жолы Тереңкөл ауданының кітапханашылары келіп, үздік экожобасын көпшілікке ұсынды. Бұл туралы келесі сюжетте.

Павлодар облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырады. Кезекті жоба Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада таныстырылды. Осы жолы Тереңкөл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Экоәлем» жобасымен келді. Олар табиғатты қорғау тақырыбына кітап көрмесін ұсынды.

ЗӘУРЕШ ҚАББАСОВА, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Былтырдан бері бастап біздің кітапхана экостильді өмір атты жоба бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгін ашылуы. Экологиялық кітаптарды әкелдік, экотауарлар өнімдер, біздің жергілікті шеберлеріміздің.

Сондай-ақ, Тереңкөл ауданының шеберлері жергілікті өнімдерін көрмеге қойды. Ал кішкентай қатысушылар табиғатты аялау тақырыбында шағын қойылым ұсынды. Жалпы, облыстық кітпханаларды дамыту бөлімінде бұл дәстүрге айналған шара, дейді.

МАЯ ИСАКАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАЛАРДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС СЕКТОРЫ БАСШЫСЫ

Жалпы көп жылдан бері біздің облыстық кітпаханада орталықтандырылған кітапхана жүйесі облыстық кітапхана деген жоба іске асып отыр. Бұл жоба әр аудан өздерінің кітапхана жұмысының үздік жобаларын осында әкеліп жұртқа көрсетеді. Жуырда Ертіс ауданы болды. Ол жобасы Жаманбалиновтың мерейтойына арналды. Әрине көп кісі болды.

Айта кетейік, шара жылдың соңына дейін жалғасын табады. Осылайша әр аудан өзінің үздік жобасын әкеліп, көпшілікке таныстырады.

Самал Қалиқызы