Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаменті мұнай, алкаголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта 28 факті анықталған.

Осы уақытқа дейінгі тексеріс нәтижесінде 226 488 бөтелке заңсыз алкоголь анықталған. Бұл дегеніміз 160 862 литр. Жалпы құны 130 млн теңдегеден асады. Қазіргі уақытта 27 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға жалпы 2,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салыныпты. Заңсыз айналым алкагольді өнімдерде ғана емес, темекі бұйымдарынан да көптеп анықталуда.

АЗАМАТ КАСИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АКЦИЗДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

9 тексеріс бойынша 6074 бума немесе 4054 дана темекі бұйымдары және 200-ге жуық бума электронды темекі, 6 млн теңге астам заңсыз өнімдер анықталды. Бүгінде салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілкке тартылып, оларға 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Бұдан бөлек, мұнай өнімдерінің де заңсыз айналым анықтау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірге реидтік шара ұйымдастырылуда. Осы уақытқа дейін мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 5 факті, яғни, 72 тоннаға жуық бензин мен дизельді отын анықталған. Олардың жалпы құны 18 млн теңге. Сот шешімі бойынша 1 400 литр бензин тәркіленген.

Жанасыл Серікбол