Мектеп оқушыларында жазғы демалыс басталды. Осы орайда полиция қызметкерлері есепте тұрған жайсыз отбасыларға барып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүр. Арнайы алдын алу шарасын ұйымдастырды. Кезекті түнгі уақытта болған рейдтке біздің арна тілшілері де қатысты.

Қазір ел аумағы бойынша «қауіпсіз қала» алдын алу шарасы өтуде. Учаскелік инспекторлар бірлесіп ұйымдастырған рейд жұмысы Естай көшесі 56 үйінен басталды. Аталған пәтерде бұл ер адам жалғыз тұрады екен. Біз келгенде жолдасымен бірге алкогольді ішімдік ішіп отырған. Бұнда тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан кейін біз полиция қызметкерлерімен бірге Кривенко 62 үйіне бардық. Қараусыз қалған үйде, мына адамдар тұрады:

45 жастағы әйел ішімдікке салынған. Қыстың күні қолдары үсіп қалған екен. Жұмыс істей алмаймын. Қайыр сұрап жүріп, күнімді көремін дейді.

Біз келген сәтте олар масаң күйінде болды. Учаскелік инспекторлар бұл азаматтарға ескерту ғана жасады. Бұдан кейін рейд Бұхар Жырау көшесінде жалғасты. Бұл мекенжайда бір жыл бұрын есепке алынған отбасы тұрады. 3 баланың анасы ішімдік ішіп, балаларын қараусыз қалдырған екен. Бір жыл бұрын болған оқиғадан сабақ алдым дейді ол.

Аталған үйде бірнеше берекесі жоқ отбасы тұрады. Үстінгі қабатта тұратын 4 баланың ата-анасы да былтыр есепке қойылды. Қазір ол аузына ішімдік алмайтынын айтады. Бірақ кешкі уақытта 15 жастағы қызы үйінде болмай шықты. Бұл үшін тәртіп сақшылары ескеру жасап, ата-ана міндетін толық орындау керек екенін айтты.

Рейд барысында учаскелік инпекторларға Лермонтов 87 мекенжайында отбасы жанжалы орын алғаны туралы шақыру келіп түсті. Аталған жерге дереу барған полиция қызметкерлері алкогольді ішімдік ішіп алған ер адамды ұстады. Анықталғандай ол бұрынғы әйеліне келіп, үйдің шырқын бұзып кетеді екен.

Бұл әйел де бұрын есепте тұрған. Ата-ана құқығынан айырылған. 3 баласы бар. Балаларын туыстары тәрбиелейді. Ол жұмысқа орналасып, келешекте балаларын кері қайтарып аламын деп сенеді. Ал оның жұбайын тәртіп сақшылары медициналық айықтырғышқа алып кетті. Бұл мекемеге біз келген уақытта бірнеше қала тұрғынын жеткізілді. Тіпті кішкентай баласымен түскендерде болды.

Олар орталықтан тәңертең шығады. Айта кетейік, бір түн үшінде айықтырғышқа 33 адам түскен. Айта кетейік, өңір бойынша 348 жайсыз отбасы есепте тұр.

Әйгерім Тоқпанқызы