Май ауданы Малайсары орта мектебінің оқушылары жаңа жоба бастады. Жас кәсіпкерлер бұйымдарын ауыл жұртшылығына таныстырып, тапсырыстар да қабылдап жүр. Толығырақ – тілші әңгімесінде.

Малайсары орта мектебінде «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда шәкірттер түрлі қолөнер бұйымдарын жасап үйренеді. Мәселен, 10-сынып оқушылары Қанағат пен Альбина үш айда тігуді үйреніп, кәсіп бастады.

ҚАНАҒАТ СОЛТАН, МАЛАЙСАРЫ ЖОББМ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Тіккендерімізді суретке түсіріп, инстаграм парақшасына саламыз. Онда бізге заказдар түседі. Оларға ответ қйтарып, адамдар сатып алады. Және де мұны сатқан кезде качествосына қараймыз. Дұрыс тігілген бе, бір жерінде жіптері шығып жатқан жоқ па – соны қраймыз. Сатып алушыға ұнаса, ол кісіден сұраймыз қолданғанда қалай екенін. Ыңғайлы ма солай. Былай, адамдар сатып алған кезде жақсы деді, керемет дейді. Қазір бізге сұраныстар келіп жатыр подушкаға тыс тігуге. Сондай тігіп бере аласыздар ма деген. Және де фартук тігіп бере аласыздар ма деген сұраныстар келіп жатыр

Қазір оқушылар асүйге қажетті түрлі зат тігеді. Алдағы уақытта шағын өндірістерін кеңейту ойларында бар.

АЛЬБИНА МАРДАНОВА, МАЛАЙСАРЫ ЖОББМ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Біз мектебімізде «Шебер қолдар» үйірмесінде осындай сыпыралар істейміз. Мына сыпыра бес бешбармақты салу үшін арналғна. Ішіне бесеуі шығады. Және сыпырамызға арнайы шоппер де тіктік. Осы шоппер ішіне біз өз сыпырамызды саламыз. Тағы да қосымша кішкентай шелпектерге арналған сыпыра істедік. Ішіне он бет салдық. Және де арнайы раннер мен салфеткалар тіктік

1 маусым аудан орталығы –Көктөбе ауылында оқушылардың бизнес-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – жас кәсіпкерлердің жобаларын аудан тұрғындарына таныстыру үшін жақсы мүмкіндік. Осы шараға Малайсары орта мектебінің оқушылары да қатысуды жоспарлап отыр.

Жұлдыз Қабылденова