Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағы жиырмасыншы маусымын бастады. Бос уақыттарын тиімді өткізуге ниет білдірген жастардың саны аз емес. Жоба барлығы қанша адамды қамтиды? Жұмыстар қандай бағытта жүргізілмек? Тілшіміз баяндайды.

 «Жасыл ел» штабы қараша айына дейін оқушылар, студенттер және жұмыссыз жастарды уақытша жұмысқа орналастырады. Биыл жоба қызметі экологиялық, абаттандыру, құрылыс, қалпына келтіру бағыттарында болады..

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Сәуір айынан бастап волонтерлік және экологиялық жасақтар жұмыс істеп жатыр. Ол, әрине, көгалдандыру, аббаттандыру жұмыстарымен байланысты. Жазғы кезден құрылыс жасақтары өз жұмысын бастайды. Құрылыс жасақтары екі университет қабырғасында жұмыс істейді. Ұлдар ғана емес, қыздар да жұмыс атқарады

Сарбаздардың жалақысы таңдаған бағытына байланысты 65-70 мың теңгеден бастап, 100-110 мың теңгені құрайды. Жасақ қатарына 16 жастан асқан өрендер қосыла алады. Жұмыстардың басым бөлігі маусым айында атқарылады. Негізгі бағыт – гүлзарларды күтіп-баптау, көшелерді көгалдандырып, аббаттандыру.

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Павлодар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша жұмыстарға 300-ден астам сарбазды қамтитын 15-тен астам колледж отряды қатысады. Жасақтар Павлодар қаласының аумағын абаттандырумен және көгалдандырумен айналысады. Сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларында саябақтарды, тынымбақтарды, көшелерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілетін болады. Ал құрылыс жасақтарында көбіне студенттер жұмыс жасайды

Биыл «Жасыл ел» жобасы ресми түрде жұмысын маусым айында бастайды. Айта кету керек, бұған дейінгі 19 жыл ішінде өңірде еңбек жасағының қатарында отыз мыңнан аса сарбаз жұмыс істеген.

Жұлдыз Қабылденова