2020 жылдан бері елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы комиссия жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде тарихшылар, архив қызметкерлері көп жұмыс жасады. Бұл туралы келесі сюжетте.
Біздің халық ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген кезеңдерге тап болды. Тарихта алтын әріппен жазылған сәттер жақсылығымен, жамандығымен есте қалды. Тар жол, тайғақты кешкен қазақтың басынан не өтпеді? Ашаршылық та, қуғын сүргінді де көрді. Бүгін Павлодардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш кешенінің алдында еске алу шарасы өтті. Гүл шоқтарын қоюмен басталды.
2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы комиссия құрылған еді. Комиссия әр облыста жұмыс жасады. Құрамына ғалымдар, әдебиетшілер, тарихшылар, архив қызметшілері енді.
АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА, ПРОФЕССОР, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Үлкен шаруа жасалды деп есептейміз. Себебі 1917 жылдан 1969 жылға дейін авзаматтарымыз , дін қызметкерлері, алашордалықтар, дәрігерлер біз құжат түрінде көзібімен көрдік. 30 томнан астам еңбек болып шығарылып, ел Президенті алдына шығарылды. Бұның ішінде әрбір отбаснының басынан өткен трагедиясы бар.
Осы құжаттарға негізделіп әлі де талай сериал, деректі және көркем фильм түсіріліп, кітаптар жазылады деп сенеміз. Себебі болашақ ұрпақ осы арқылы сол күннің ізімен танысады. Өткен ғасырда репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударды. Тарих әлі де зерттеуді қажет етеді. Одан бөлек Қазақстан лагерлеріне 5 млнға жуық адам жер аударып, пана тапты.
МАРИЯ БАЙРАМКУЛОВА, «ЭЛЬБРУС» ПАВЛОДАР ҚАРАШАЙ-ЧЕРКЕС ЖӘНЕ КАБАРДИН-БАЛҚАР ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Біз әр уақытта сол жылдары туған елдерінен жер аударған азаматтарды есте сақтаймыз. Біздің жастар сол күндерді ұмытпағанын қалаймыз. Әрине ол күндерді еске алу өте қиын. Бірақ біз ол заманның қасіретін естен кетіре алмаймыз, біз ұмытсақ, жастар да оны ұмытады.
Шараға этномәдени бірлестік өкілдері, дін өкілдер, желтоқсаншылар, қала тұрғындары қатысты.
Самал Қалиқызы