«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымының бір құралы сайлау. Қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысында 109 елдімекеннің әкімі тікелей сайланыпты. Келесі айда да бірқатар ауылдың әкімі сайланады.
Павлодар облысында 126 ауылдық округ пен ауылдық кент бар. Ауыл әкімдерін сайлау үрдісі басталған 2021 жылдан бері оның 109 да, яғни, 86 пайызында сайлау өтіпті. Мәселен, жыл басталғалы Павлодар және Екібастұз қаласының ауылдық аймағында, сонымен қатар тағы 7 ауданындағы ауылдарда жиыны 14 әкім демократиялық тәсілмен ауысқан. Павлодар облысы осы екпінмен 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдық окрутердің әкімін сайламақ.
Бұдан жыл соңына дейін тағы 4 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ауылдарда сайлау өтеді.
Жанасыл Серікбол