Өңірге Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Облыс әкімдігінде өткен жиында бірқатар мәселер айтылды.

Облыс әкімі Асайын Байханов көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндап, өткен жылғы маусымның күрделі болғанына қарамастан, биыл аграршылар егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп жатқанын және 15 маусымға дейін аяқтайтынын атап өтті. Майлы және жемшөп дақылдарының егістік алқабын ұлғайту есебінен биыл егіс алқабы 20 мың га ұлғайтылып, 1,7 млн. га құрайды. Облыс 175 мың тонна көлемінде тұқыммен толық қамтамасыз етілген. 17 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Арзандатылған дизель отыны кестеге сәйкес жеткілікті мөлшерде жіберілуде. 27 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 5 жыл ішінде жалпы агроөнім көлемін 2 есеге ұлғайту және өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу туралы міндетін қойды. Бұл міндеттерді орындауда агроөндірітің алатын орны ерекше.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша жеңілдетілген несие көлемін ұлғайту үшін алғаш рет облыс бюджетінен 7,2 млрд. теңге бөлінді. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 799,2 млн. теңгеге 15 өтінім қабылданып, қаралды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондай-ақ, «Кең дала» бағдарламасы аясында 2,8 млрд. теңгеге 113 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды. Кең дала-2 бойынша несие 4 млрд теңгеден асады. Жалпы, несиеге берілетін болжамды қаражат көлемі 4,0 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Көктемгі жұмыстар үшін барлық шаралар қабылданады. Сондықтан бұл жұмысқа бәріміз жұмыла кірісп жатырмыз.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы жылдың 15 мамырынан бастап дизель отынын бөлу ережелеріне өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Әкімдіктер мен фермерлердің өтініштері бойынша дақылдар түрлері бойынша және бір гектарға дизель отыны шығынының бірыңғай базалық нормативтері алынып тасталды. Егер бұрын дәнді дақылдар бойынша нормативтер 1 гектарға 15 литрді құраса, қазір олар орта есеппен 17-18 литрді құрайды. Бұл өзгерістер дизель отынын биылғы өнімді жинау жұмыстарына бөлу кезінде күшіне енеді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ

Өздеріңіз білесіздер былтырғы жылқиын болды егін жинау науқаны. Бірақ президент далаға тасталды. Пролагнгация жасап берді. Субсидияға да бөлінді. Биылғы жылы да жоғары деңгейде өткізілді.

Сондай-ақ, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялаудың 60%-дық ұлғайтылған нормативін көздейтін аванстық субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Сонымен қатар, отандық тыңайтқыш өндірушілермен бөліп төлеу мәселесі де пысықталды. Биылғы жылы Үкіметпен көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудың барлық мәселелері шешілді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдары аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша тек 140 млрд. теңге бөлінетін. Бізге 1,4 млрд керек дегенбіз. Соның жартысы қосылып жатыр. Сонда 580 млрд бүкіл республикаға бөлініп жатыр. Бүкіл жоспар құрылды, жеңілдіктер енгізілді. Қазір майда алсаңыздар ендігі майға дейін.

Жиналыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сияқты қаржы институттарының басшылары аграршыларды қаржыландыру тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Самал Қалиқызы