Сондай-ақ, Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Ертіс және Ақтоғай ауданына барды.

Онда Асайын Байханов көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Сондай-ақ бонустық трансферттер аясында ауылішілік жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын тексеру, көпқабатты тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарының барысын тексеру де жоспарланған.