Облыстық прокуратура өңір жастарына есігін айқара ашты. Онда жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Толығырақ алдағы материалдан көрейік.

Ашық есік күні аясында заң факультеттерінің студенттері үшін облыстық прокуратура экскурсия ұйымдастырды. Оның барысында мекеменің тарихы, тергеушілер мен прокурорлардың кабинеттері таныстырылды.Сондай-ақ тергеу мен қадағалау қызметінде қолданылатын әдістер айтылды.

АЙГҮЛ МӘЖИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ КАДРЛЫҚ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫ

Іс-шараның мақсаты прокуратура органдарында қызметті дәріптеу. Студенттер прокуратураның жұмысымен танысып, оның функциялары мен міндеттері туралы біле алады. Сондай-ақ тәжірибелі мамандарға сұрақтар қоя алады, іс-шара прокурор мамандығына қызығушылықты арттыруға және осы маңызды қызмет саласына жас мамандарды тартуға бағытталған

 Прокуратура – заңға адалдықты қадағалайтын қиын әрі жауапты сала. Дегенмен жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Ашық есік күніне жиналған студенттер арасында бұл саланы өміріне серік етуге ниетті жандар да кездесті. Олардың ұстаздарының айтуынша, мұндай іс-шараның мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

АҚЫЛБЕК СӘТКЕНОВ, ЖОО АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Кездесу өте жақсы, қарқынды түрде өтіп жатыр. Өте қызықты. Экскурсия ұйымдастырылды. Және де жұмыспен қамту, жұмысқа қалай тұру және олардың бағыттары, әлеуметтік қамтамасыз етілу жағдайлары туралы айтылды

Ашық есік күніне жиналған студенттерге бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жүргізу туралы жадынамалар таратылды. Алдағы уақытта заңды қадағалайтын сала мамандары ашық есік күндері өңір жастары арасында жиі өткізуді қолға алмақ.

Қымбат Садық