Павлодар облысының тұрғындарының 700 миллион теңгеге жуық қарызы кешірілді. Еске сала кетейік, осыдан бір жылдай бұрын елімізде алғаш рет төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заң шықты.

Бүгінге дейін салық органына Ертіс өңірінің төрт мыңға жуық тұрғыны банкроттық туралы арызданған. Мемлекеттік кірістер департаменті өтініш беру тәртібі туралы толық мәлімет берді. Осы уақытқа дейін облысымызда 491 адам банкрот деп танылды. Айта кетсек, үлкен сомадағы қарызы барлар тек сот шешімімен ғана банкрот деп танылады.

Азаматтар «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы соттан тыс тәртіпте банкрот деп тану туралы өтініш бере алады.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш