Павлодарда «Дозамен емес, арманмен өмір сүр» атты профилактикалық акциясы өтті. Онда еріктілер мен полиция қызметкерлері қала тұрғындарына, әсіресе жас ұрпаққа есірткінің қауіптілігі мен тыйым салынған заттардың таралу проблемасы жайлы кеңінен айтты.

Акция жыл сайын 26 маусым күні атап өтілетін есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күніне орайластырылған. Ол қаланың ең қарбалас жерінде, теміржол вокзалында өтті, онда тыйым салынған заттар туралы ғылыми мәліметтер және олардың саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы мәліметтер бар ақпараттық үстелдер жайылды. Сондай-ақ, еріктілер есірткіні қолданумен байланысты шындықты ашатын буклеттер мен құқық қорғау органдарының сенім телефонын табыстады.

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі заттарын таратқаны үшін 17 азамат ұсталды. Заңсыз айналымнан 42 килограмнан астам түрлі психотроптық заттар мен 5 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Акцияның мақсаты - бұл сандарды нөлге дейін төмендету.

ИРИНА ТЕМИРГАЛИЕВА, ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

Бұл акция азаматтарды, жолаушыларды, жастарды, жасөспірімдерді бүгін вокзалға келіп қатысатындардың барлығын есірткінің зиян екендігін хабардар етуге бағытталған.

Құқық қорғау органы Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес есірткі заттарын таратқаны және өндіргені үшін құқық бұзушыны 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын атап өтті.

Ермек Сапаров