Энергетикалық сусындар 21 жасқа толмаған жастарға сатылмайды. Заң жүзінде тыйым салынады. Халыққа кеңінен танымал сусынның жастарға келтірер залалы қандай? Тілшіміз саралап көрді.
Дәрігерлердің айтуынша, энергетикалық сусындар жас ағзаға залалы мол. Жастардың жүрегі мен психикасына орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан оларды алкогольмен теңестіреді. Бұл сусын түрлерін тұтыну тіпті агрессиялық көңіл-күйге әкелуі мүмкін. Өйткені, энергетикалық сусындар әлі жетілмеген жүйке жүйесін қоздырады.
АЙГЕРІМ АСЫЛХАНОВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР
Белгілі бір доза туралы айту қиын. Өйткені әркімге әр түрлі әсер етеді. Біреу бір банксын ішке, біреу екі жұтым. Сергектік сезімін сыйлағанымен, ессіздікке де әкелуі мүмкін
Алкоголь сияқты энергетикалық сусындар да өзіне тәуелді етеді. Сонымен қатар, дәрігерлер акөңіл көтергіңіз келсе, кофеге артықшылық берген дұрыс екендігін айтады. Өйткені, әртүрлі стимуляторлары бар энергетикалық сусынның бір құты кофеден бірнеше есе зиянды. Бұл жөнінде павлодарлықтар өз пікірлерін білдірді.
Дәрігерлер ата-аналарға балаларының не тұтынатынына мұқият бақлыауға және оларға теріс үлгі көрсетпеуге кеңес береді.
Анастасия Ерш