Баянауыл ауданында жазғы антикоррупциялық мектеп шарасы өтуде. Жастарға арналған республикалық шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пәнінің оқытушылары қатысуда. Жазғы мектептің мән-маңызы не? Алдағы материалымызда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі ағартушылық. Азаматтардың бойына жас кезінен бастап жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезек күттірмес қадамдардың бірі. Көптеген сараптамалар жастай берген тәрби жас шыбықты игендей игі нәтиже беретіндігін көрсетуде.

МЕДЕТ ӘМІРӘЛИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНІНІҢ БАСШЫСЫ

Халықаралық тәжірибеге көз жүгітсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жас буынның тәрбиесі аса маңызға ие. Соның ішінде білім саласы бұған айрықша ат салысуы керек. Жастармен тікелей жұмыс істейтін оқытушылар бұл мәселеге жіті назар аударғаны жөн. Осылайша жастардың бойынша жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру керек. Сондықтан, биыл осы аудиторияны таңдадық. Бұған жүйелі жұмыс ретінде қарауымыз керек.

Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында көрсетілген. Бұл шара дәстүрге айналған деге болады. Биылғы Баянауылдағы жазғы мектепке 40 қа жуық оқытушы қатысуда.

ӘДІЛЕТ МҰҚЫШЕВ, БҰҰ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ

Біріккен Ұлттар Ұйымының жемқорлыққа қарсы конвенциясы өзге де халықаралық сатндарттар түсіндіруде. Конвенцияда жемқорлыққа қарсы білімнің маңызы айрықша аталады. Оның маңызы неде десек, жастар әрқашан болашақ негізі. Сондықтан, жастарға тәрбие беретін оқытушыларға жемқорлыққа қалай жол бермеуге болатындығын ұғындырудамз.

Қатысушылар еліміздің әр аймағындағы жоғарпы оқу орындарынан. Осы уақытқа дейін жемқорлаққа қарсы шараларға ат салысып жүрген жандар. Баршасы ағарту жұмысының белсенділері. Бұл шарада білімдерін ортаға салып, білмегендерін үйренуде.

Жемқорлық тамыры терең дерт. Бүгінгі қоғамда үлкен мәселеге айналған. Оны түсіну және анықтау, қарсы тұру қажыр мен қайратты қажет етеді.

Қатысушылар төрт күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жетекші халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыстардың нақты мысалдарын көруге мүмкіндік алды.

Жанасыл Серікбол