Железин ауданы Жолтаптық ауылының тұрғындары біраз уақыт бойы ауылдағы жолдың ескіргенін айтып, қалпына келтірілсе деген тілегін білдіріп келген. Бұл мәселе шешімін тауып, ауылға кіреберіс жолды жөндеу жұмысы басталды.

Жолтаптық ауылында қазір 101 адам тұрады. Тұрғындар ұзақ уақыт бойы тозығы жеткен қиыршық тас жолмен жүруге мәжбүр болған. Сол себепті, биыл облыстық бюджеттен ауылға кіреберіс жолды жөндеуге 266 миллион теңге бөлінді.

ЕРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Биыл, нақты айтқанда, осы айдың ішінде ұзындығы 4,6 шақырым жолды жөндеуді аяқтаймыз. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Жолдың жартысы асфальтталды. Қайта жаңғырту әдісі қолданылуда. Енді жолдың екінші жартысы қалды. Бір жолақ жасалды, екінші жолақ аяқталуға жақын

Жолды жөндеуге жауапты ұйым – «Аза» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. Мердігер жолдың осы бөлігімен қатар, Церковное ауылынан Веселая Роща ауылына қарай 15 шақырым жолды асфальттайды. Бұл мақсатта 1 миллиард 47 миллион теңге бөлінді.

Жұлдыз Қабылденова, Валентина Леонова