Көркем әдебиеттен бастап шытырман оқиғаға толы детектив кітапты облыс орталығында орналасқан ашық кітапханадан таба аласыз. Далада қойылған кітап сөресі тәулік бойы құнды кітаппен толтырылып отырады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ашық кітапхана» жобасы жүзеге асып жатыр. Далаға кітап сөресі шығарылып, оқырмандар үшін көркем әдебиеттен бастап түрлі кітаптар қойылды. Павлодарлықтар кез-келген уақытта келіп қажетті туындыны, материалды өзіне ала алады. Одан бөлек,үйден әкеліп кітап қоюға да болады.

БАҚЫТЖАН БҰҚАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ

Ашық кітапхана жобасы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарының уақыты шектеулі болғандықтан, тұрғындар кез келген уақытта келіп кітап ала алады. Оқырмандар үшін ыңғайлы. Кітапханаға әртүрлі кітаптар қойылады. Әртүрлі жастағы оқырмандарға әртүрлі кітаптар қойылған.

Айта кетейік, аталмыш кітапхана қыркүйек айына дейін жұмыс жасайды. Сондықтан кез-келген уақытта ешқандай тіркеусіз сөреден кітап алуға болады.

Самал Қалиқызы