Соңғы кезде лудоман деген сөз жиі естілетін болды. Оның кім, немен айналысытынын екінің бірі біледі. Құмар ойындарға тәуелдідік және онымен күрсе жайында келесі сюжетте.

Ақпараттардан бастасақ, жалпы әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың 3-тен бір бөлігі лудомания ауруына шалдыққан. Сонымен, лудомания құмар ойындарға тәуелділік мағынасын білдіреді, ал ойыншыны лудоман деп атайды. Сырқаттың сыртқы белгілері бірден байқалмаса да, өкінішке қарай жанымызда жүрген әрбір 3-ші адам құмар ойын ойнайтын көрінеді. Соңғы 10 жылда коммерциялық құмар ойындар қаптап кеткен.

СЕРІК МҮСЛИМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ

Статистика бойынша елімізде 10 млн ға жуық адам құмар ойынға тәуелді екен. Яғни Қазақстанда 10-нан 7-і отбасы осының себебінен ажырасады. Бұл сандар әрине көңіл көншітпейді. Ойындарды көбінесе ер адамдар ойнайды. Отбасында бір адам ғана лудоман болса да, кесірін барлық отбасы мүшелері тартады. Мысалы ер адам ойнаса, ол отбасының бюджетін ойнап тастайды. Өз-өзін бақылай алмайтындар өз үйінен алтын, ақша ұрлай бастайды. Оған қоса психологиялық қысым, ұрыс басталады.

Сондықтан департаментпен мектептің жоғары сынып оқушыларына, колледж және жоғары оқу орын студенттеріне қаржылық сауаттылық, лудомания бойынша сабақтар өткізіледі. Алдын алу мақсатында ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі. Себебі, лудомандардың басым бөлігінің жасы 25-30 аралығында дейді мамандар.

ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А

Сіздер бұрын білесіздер сары, жасыл ойын терминалдары болатын қалады. Оның бәрі ақпан айынан бастап жойылды. Қазір интернет-казиномен күресіп жатырмыз. Сайттарды тауып, бұғаттап жатырмыз. Былтыр 600-ге жуық сайтты бұғаттауға жібердік. Оның жартысынан көбі жойылды. Бұл жұмыстар облыс бойыншаға ғана емес, республика деңгейінде жүргізілуде. Жыл басынан 100-ден астам сайт табылып, бұғатталды.

Ең қиыны, аталмыш ойын сайттары, платформалар шетелде яғни Ресей, Украина, Балтық жағалауы елдерінде тіркеледі екен. Сондықтан оған тікелей шығып, бұғаттау қиындық тудырады, дейді департаментте. Тек кибербақылау ұйымы ғана былтыр осындай 4 мың сайтты анықтап, бұғаттаған.

Сонымен қатар, агенттікпен телеграм бот та іске қосылды. Одан бөлек, Толстого көшесі 98 мекенжайына кез-келген ойын сайты, клубтардың жұмысы жайлы жасырын түрде ақпарат хабарлауға болады.

Самал Қалиқызы