Ертіс ауданында «Арман-дала» жобасы аясында бейіндік лагерьлер жұмыс істейді. Онда пікірсайыс клубтары бар. Оның аясында Абай атындағы мектепте аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Пікірсайыс сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады, ақпаратты талдауға, командада жұмыс істеудегі маңызы зор. Мұндай турнирлер шешендік өнерді дамытады, балаларға өз көзқарастарын дәлелдеуге үйретеді.

РҮСТЕМ ӘБДІХАЛЫҚ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Қазіргі таңда «Жаз-2024» жазғы профильді лагерь аясында біздің мектебімізде азаматтық патриоттық бағытындағы пікірсайыс ойындары өткізілді. Бұл пікірсайысқа ауданымыздың бірнеше мектептері қатысты және бұл пікрсайыс ойындары арқылы біз оқушыларымыздың ертеңгі үлкен өмірге қадам жасауындағы бір ықпалын, негізін қаласақ десек қателеспейміз

Пікірсайыс американдық парламенттік форматқа сәйкес өтті. Айта кетейік, жалпы саны – 7 команда қатысты. Турнир нәтижесінде үздіктер анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.

Қымбат Садық