https://youtu.be/v7ybTVV6Z_4Жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, жағар-жанармай секілді түрлі тауар түріне 19 тексеру жасалынды. Нәтижесінде заңсыздықа жол берген бизнес нысандарына шаралар қолданылды.

ҚУАТ ӨТЕУОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Есептік кезеңде департамент монополияға қарсы 19 құжатқа қол қойды. Оның ішінде 13 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілер және көмірді бөлшек саудада өткізушілер бар. Бұдан бөлек лифтілерге техникалық қызмет көрсету, бейнебақылау жүйесі бойынша қызмет көрсету нарығында 6 монополияға қарсы құжат қабылданды.

Ал монополияға қарсы заңды бұзған 6 кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалды. Олардың заңсыз әрекеті тексеріліп, тиісті шешім қабылданды. Сондай-ақ, әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік түрін сатуда заңсыздыққа жол берген 4 кәсіпкерге ескерту берілді.

ҚУАТ ӨТЕУОВ - БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің департамент 6 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде «Богатыр-көмір» кәсіпорыны көмір бағасын негізсіз көтергені анықталды. Олар департамент ескертуін елемегені үшін сот тиісті шешім шығарды. Қажетті шаралар қолданылды.

Бизнесті дамытуға кедергі келтіру бойынша 6 мәселе қаралды. Оның біреуі ғана өңірлік деңгейде шешілді. Қалған түйткілдер жоғары жақпен шешілмек.

Өзгеріс Қуанар