Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде еңбек күні атап өтіледі. Осыған орай жастар бастамаларын дамыту орталығында эдвайзер-көрме ұйымдастырылды. Онда мектеп, колледж түлектеріне оқу орындары таныстырылды.
9-11 сынып оқушылары болашақ мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауы маңызды. Себебі қалай болған да елімізде бір оқу орнына түсіп, оны аяқтауға 4-5 жыл уақыт кетеді. Оған Жоғары оқу орнында кететін 2-4 жылды қосыңыз. 2025 жылғы түлектерге жеңіл болу мақсатында, жастар бастамаларын дамыту орталығы негізінде эдвайзер-көрме өтті.
РАУШАН БЕРДІХАН, М.ӘЛІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Менің жалпы таңдап жатқан мамандығым маркетолог. Мен жалпы осында келіп, Торайғыров университетіне жақындадым. Кеңесшілері көмек бері, бәрін түсіндірді. Дұрыс жолды таңдаймын деп үміттемін. Ол кісілерге үлкен рахметімді білдіремін.
Көрмеге 30 дан астам колледж бен 5-тен астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Олар болашақ түлектерге мамандықтар бойынша ақпарат ұсынып, жеңілдіктер мен қосымша мүмкіндіктер жайлы айтты.
АЛТЫНГҮЛ ӘБІЛОВА, ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ
Қарағанды медициналық университетінде стоматология, медицина, дәрігерлік квалификация мамандықтарына оқытады. Алған 50 балмен түсуге болады. Білім ала аласыздар.
ЖАНДАРБЕК ҚАБДРАШ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Әр мектепте өкілдері, ЖОО өкілдері агитация жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда түлектердің плюстары осы оймен мақсат қойғандай.
Негізі эдвайзер-көрме жәрмеңкелердің бір түрі. Оны облыстық білім беру басқармасы мен Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды. Шара 1000 жуық адамды қамтиды деп жоспарланып отыр.
Самал Қалиқызы