Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін өңірде жыл басынан бері 4 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Бұл мақсатта тәртіп сақшылары тәулік бойы қадағалау жұмыстарын жүргізеді.
Көлік жүргізушілерінің жиі бұзушылықтарының бірі-маневр жасау ережелерін бұзу. Қала ағынында бұрылыс жасау ерекше назар мен мұқияттылықты қажет етеді. Жүргізуші жаяу жүргіншілер мен басқа көліктерге қарап, мұқият болғаны жөн.
ҚҰРАЛАЙ МҰҒАДІЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Маневр жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау әртүрлі салдарға әкелуі мүмкін. Соның ішінде жол-көлік оқиғалары. Автокөлікке немесе басқа құралдарға зақым келтіру және жүргізушілер мен жолаушыларға жарақаттар тигізу. Мысалы маневр жасау кезінде ереже бұзғаны үшін Павлодар көшелерінің бірінде Тойота Камри машинасы тоқтатылды. Жүргізуші бұрылыс сигналын қоспай, қатардан-қатарға ретсіз қозғалған. Оған 18 мың теңге айыппұл салынып ,әкімшілік хаттама толтырылды
Жыл басынан бері мұндай бұзушылық үшін 4 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Сондықтан полиция қызметкерлері жол-көлік қозғалысы кезінде сақ болуды ескертеді.
Қымбат Садық