Павлодар полиция департаментінде нағыз күштілер жұмыс жасайды. Жерлесіміз Әсел Әбдіраманова ашық «Алтын батыр» Кубогінде алтынды қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпазы шара туралы толығырақ айтып берді.

Әсел Әбдіраманова Павлодар полиция қызметінде жұмыс жасайды. Ол ерлерден қалмай Қарағандыда өткен күштілер айқасында бағын сынады. Одан бөлек, 60 келі салмақты көтеріп, бәсекелестерін озып, бас жүлдені алып кетті.

ӘСЕЛ ӘБДІРАМАНОВА, «АЛТЫН БАТЫР» ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Алғашқы минуттарда тіпті алғашқы күні бірінші орын алғанымды мойындай алмай жүрдім. Себебі мен қобалжып жүрдім. Мен үшін бұл жаңа деңгей.

Әсел полицияда 20 жыл еңбек етеді. Қазір ақпараттандыру және байланыс басқармасында бас маман қызметінде. Қызметі мен жаттығуларды кейде бірге алып жүру қиын екендігін мойындады.

ӘСЕЛ ӘБДІРАМАНОВА, «АЛТЫН БАТЫР» ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Әлбетте бастаған соң, бәрін алып жүруге міндеттімін. Құқық қорғау саласы да қиын, жұмыс кестесі ауысып отырады. Шақыртулар жиі болады. Сондықтан, қалаған адам кез келген жағдайдан шешім табады.

Әсел Әбдіраманованың басты мотиваторы – оның жаттықтырушысы Қанат Шақуов. Ішкі істер саласының ардагері кейіпкерімізге күш қуат беріп, оны әлем кубогына қатысуға итермелеген. 10 жыл бойы отставкадағы полковник қазір жаттықтырушы. Зейнетте болса да көштен қалмай жүргені қуантады.

ҚАНАТ ШАКУОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Жағдай болса, ең бастысы талап болса неге көмектеспеске. Менің ойымша кез келген адамды нәтижеге әкелуге болады. Мәселен 50 жаста пединститутты бітіріп, 56 жаста спорт шебері нормативтерін орындау бұл үлкен нәтиже деп ойлаймын.

Қанат Тоқтарұлы диплом алған дене шынықтыру маманы. Бүгінгі жастар үлгі алатындай азамат.

ҚАНАТ ШАКУОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Оқушыларымның бірі полиция подполковнигі Әсел Әбдіраманова. Оның еңбекқорлығы мен талабы нәтиже әкелді. Менің ойымша таңғы 5-те тұрып, таңғы 5-те жүгіру кез келгеннің қолынан келмейді.

Осылайша жаттықтырушының сенімі мен Әселдің тәртібі үлкен нәтижелерге әкелді.

Самал Қалиқызы, Анастасия Ерш